- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Әлемдегі тұңғыш ұшатын...
Әлемдегі тұңғыш ұшатын көлік сынақ кезінде апатқа ұшырады
Словакияда дамытылып жатқан Aeromobil атуына ие әлемдегі тұңғыш ұшатын көліктің сынақ барысы сәтсіз аяқталды. Ерекше құрылымға ие көлікті компания басшыларының бірі Стефан Кляйн басқарған болатын. Ұшқыштың екпінділігімен дер кезінде ашылған парашют құлау салдарын жеңілдеткен.
Әлемдегі ең алғашқы ұшатын көлік Словакияның Nitra Janíkovce әуежайында тәжірибеден өткізіліп жатқан еді. Апаттан кейін Кляйн бірден жақын маңдағы ауруханаға жеткізіледі. Дегенмен оның денесі ешқандай зақым алмағандықтан, дәрігерлердің нұсқаулығымен шығарылады. Апаттан кейінгі суреттерге сенсек көліктің өзі қайта қалпына келместей хәлге жеткен.
Естеріңізге сала кетсек, болашақтың негізгі транспортының алғашқы концепті 2013 жылы таныстырылған болатын. Оны словакиялық дизайнер Стефан Кляйн 20 жыл бойы жасаған. Тартымды дизайны мен құрылымы арқасында жерде де, әуеде де тәуелсіз қозғалыста бола алатын аэромобиль толық құрастырылмай жатып, бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Ал ағымдағы жылдың наурыз айында таратылған ресми ақпаратқа орай, ұшатын көліктер 2017 жылдан бастап жаппай сатылымға шықпақ.
Сәтсіз сынақ нәтижесіне қарамастан, құрастырулышар өз бетінен қайтпайтынын айтып отыр. Бұл ең алғашқы сынақтарды бірі болғандықтан, тәжірибе жүзінде мұндай жағдайдың орын алуы әбден мүмкін болатын. Әзірге апаттың салдары талдауға түсіп, оның негізгі концептіге ететін әсері туралы ешқандай ақпарат берілмеді. Компания басшылары тек Aeromobil болашағына сенімсіздік танытпауға шақырып отыр.
Аэромобильдің бастапқы көрінісі
Ұқсас жазбалар:
Венада алғашқы ұшатын көліктің тұсауы кесілді (видео)
Ұшатын көліктер екі жылдан кейін жаппай сатылымға шығады
Ж. Өрісбай