- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Ақтаудағы жантүршігерлік апаттың...
Ақтаудағы жантүршігерлік апаттың мән-жайы айтылды
Ақтаудағы жантүршігерлік жол апатының мән-жайы айтылды. Бағанаға соғылған жеңіл көлік жүргізушісі мас болған, - деп хабарлайды "Лада".
Жол-көлік оқиғасы 14 маусымға қараған түні сағат 5:17-де болған. Полиция департаменті мәліметінше, Audi A4 көлігінің жүргізушісі мас күйде бағдаршамға соғылған.
Оқиға салдарынан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілген. Олар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне шығарылған.
Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-ның 608-бабы 3-бөлігі ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда жантүршігерлік жол апаты болғаны хабарланған болатын. Жеңіл көлік бағанаға соғылып, аудырылып кеткен.
Д. Шәріпхан