Ақтаудағы жантүршігерлік жол апатының видеосы пайда болды

Ақтаудағы жантүршігерлік жол апатының видеосы пайда болды
Фото: видео кадры

Ақтауда жантүршігерлік жол апаты болды. Жеңіл көлік бағанаға соғылып, аудырылып қалған, - деп хабарлайды "Лада".

Басылым мәліметінше, оқиға 14 маусымға қараған түні 14 пен 15-шағынаудандар арасындағы тасжолда болған.

Куәгерлердің айтуынша, "Астана" сауда ойын-сауық орталығына жақын маңда жеңіл көлік мінген жүргізуші бағанаға соғылып, кейін аударылып қалған.

Видео кадрларынан оқиға орнында жедел жәрдем мен бірнеше полиция көлігі тұрғанын көруге болады.

"Бағана қираған, жантүршігерлік жол апаты. Мына жерде бірдеңе аударылған. Жедел жәрдем тұр, бәрі қирап жатыр", - дейді видео авторы.

Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Д. Шәріпхан