Volkswagen T2: Lego-дан құрастырылған көлік

Volkswagen T2: Lego-дан құрастырылған көлік
Фото: motor1.com

Lego сәнгері Рене Хоффмайстер мен оның әріптесі Паскаль Ленхард конструктордан Volkswagen T2 фургонының көшірмесін құрастырып шыққан.

Ерекше көлікті Мюнхендегі көрмеде ел назарына ұсынылды. Легодан жасалған фургонның салмағы 700 келіні тартады. Ал ұзындығы 5 метр, ені 1,9 метрді құрайды. «Фольксвагенді» құрастыру үшін 400 мың Lego текшелері қажет болған екен. 

Тіпті, көліктің есігі ашылып, шатыры көтеріледі. Фургонның іші де толықтай легодан құрастырылған. Ерекше көлікті құрастыруға Рене Хоффмайстер мен Паскаль Ленхард алты апта уақытын жұмсаған.

Хоффмайстер мен Ленхард бұл көлікті жасау арқылы жұмсалған легоның саны бойынша Chevrolet Silverado 1500 LT Trail Boss пикапының рекордын жаңартты. Өткен айда «Лего. Екінші фильм» атты мультфильмнің тұсаукесеріне орай, 18 маман 2000 сағатта Silverado көлігінің көшірмесін жасады. Көліктің биіктігі 182,9 сантиметрді құраса, ұзындығы - 6 метр. Ал ені - 243,8 сантимер. Silverado 1500 LT Trail Boss көлігінің көшірмесін жасау үшін 334 544 дана лего қажет болған.

Silverado көшірмесінің фарасы істейді. Ал шанағында шын көлікке ұқсас графикалық элементтер қолданылған. Дегенмен Bugatti Chiron көшірмесіне қарағанда бұл жасанды көлік жүрмейтін көрінеді.

Ал өткен жылы тамыз айында Lego Bugatti Chiron көлігінің көшірмесін жасап шыққан. Оған миллионнан астам лего қолданылған. Қозғалтқышын арнайы Lego Power Function легосынан жасалған.

А. Рысдәулет