Chevrolet легодан Silverado көлігінің көшірмесін жасады

Chevrolet легодан Silverado көлігінің көшірмесін жасады
Фото: debates.coches.net

Chevrolet компаниясы Silverado 1500 LT Trail Boss пикапын толықтай легодан құрап шықты.

«Лего. Екінші фильм» атты мультфильмнің тұсаукесеріне орай, 18 маман 2000 сағатта Silverado көлігінің көшірмесін жасады. Көліктің биіктігі 182,9 сантиметрді құраса, ұзындығы - 6 метр. Ал ені - 243,8 сантимер. Silverado 1500 LT Trail Boss көлігінің көшірмесін жасау үшін 334 544 дана лего қажет болған.

Silverado көшірмесінің фарасы істейді. Ал шанағында шын көлікке ұқсас графикалық элементтер қолданылған. Дегенмен Bugatti Chiron көшірмесіне қарағанда бұл жасанды көлік жүрмейтін көрінеді.

Тамыз айында Lego тағы бір көліктің көшірмесін жасап шығарған еді. Bugatti Chiron көлігінің көшірмесін жасау үшін миллионнан астам лего қолданылған. Ал қозғалтқышын арнайы Lego Power Function легосынан жасалған.

Massaget