Torque – әлемдегі ең берік смартфон

Torque – әлемдегі ең берік смартфон

Kyocera – Күн шығыс елінде біршама жетістікке қол жеткізіп үлгерген компания. Енді жапондық компания Еуропа нарығын жаулауды жоспарлап отыр. Ол үшін арнайы құрылғы жасап шығарыпты.

Жапондық компанияның жаңа аппараты Torque деген атауға ие. Аталған модель өзі сынды гаджеттердің шамасы көтермейтін жағдайларға төтеп бере алады. Нақтырақ айтсақ, жаңа өнім iPX8 пен IPX5 стандартына толығымен жауап береді. Сондықтан цельсий бойынша -21 градустан +50-ге дейінгі диапазонда жұмыс істей алады.

Девайс су астында жарты сағат тұрса да істей береді. Сонымен қатар, қатты жерге бірнеше рет құлауды да көтереді. Ал ең басты ерекшелігі сенсорлы экранында қолғаппен жұмыс істеу мүмкіндігі болып отыр.

Ал енді нақты техникалық мінездемесіне тоқталып өтсек, телефон 4,5-дюймді экранмен көмкерілген. Ал оның негізін 1,4 ГГц жиілікке ие Qualcomm Snapdragon процессоры құрап отыр. Одан бөлек, 2 МП және 8 МП-ді екі камерасы бар. Сондай-ақ, сағатына 3100 микроампер жұмсайтын батарея және Android 4.4. KitKat оперативті жүйесімен жабдықталған.

Өкінішке орай, Torque смартфонының шығу уақыты мен бағасы әзірге жарияланбады. Дегенмен, Kyocera компаниясының басшылары девайсқа қатысты біршама ақпаратты наурыз айында өтілетін Mobile World Congress 2015 халықаралық электроника көрмесінде айтатынын хабарлады.

Сурет: chezasite.com

Оқи отырыңыз: 

Manta 7X – батырмасы жоқ смартфон

Cubi – балаларға арналған гаджет

Ivvi – әлемдегі ең жұқа смартфон

Қытайлар айфонға ұқсайтын смартфон шығарды

Ж. Өрісбай