Spartan браузері алғашқы сынақтан өтуде

Spartan браузері алғашқы сынақтан өтуде

Microsoft жуырда ғана Windows 10 бағдарламалар жинағын қондыруға болатынын хабарлаған болатын. Содан бері компанияның жаңа браузері сынақтан өте бастады.

Ғаламтор ресурстарына орай, Spartan бірнеше күн ішінде алты түрлі тесттен өткен. Сосын Microsoft инженерлері алынған нәтижені Internet Explorer және басқа іздеу платформаларымен салыстыра бастады. Нәтижеге көз жүгіртер болсақ, жаңа браузер кейбір талаптар бойынша Internet Explorer-ді, тіпті Chrome және Firefox платформаларын да артта қалдырыпты.

Демек Microsoft компаниясы браузер көрсеткішін көтеруге шындап кіріскен сыңайлы. Ендеше осыған дейін қанша арыз-шағым түскен Internet Explorer браузерінің қателіктері мұнда орын алмаса керек.

Сынақтар                                    Ескі IE            Spartan           Chrome 40     Firefox 35     

Spartan-мен

айырмашылығы (%)  

Sunspider (аз мөлшері) 149.7ms  144.6ms  260.9ms 220.1ms 3.4%
Octane 2.0 (көп мөлшері) 9861 17928 17474 16508 81.8%
Kraken 1.1 (аз мөлшері) 3781.2ms  2077.5ms  1992.8ms 1760.4ms 45.1%
WebXPRT (көп мөлшері) 913 1083 1251 1345 18.6%
Oort Online (көп мөлшері 1990 2170 5370 3900 9%
HTML5Test (көп мөлшері) 339 344 511 449 1.5%

 

Алғашқы тестілеудің өзінде осындай нәтижені алып отырса, Spartan өнімі ресми пайдалануға берілген кезде қазіргі интернет алыптарына шынайы бәсекелес тұдыруы мүмкін. Оған жетпеген бойда, Internet Explorer браузерін басып оза алатыны сынақ кезінде-ақ белгілі болып отыр.

Сурет: hi-news.ru

Оқи отырыңыз:

Microsoft жаңа браузерін таныстырады

Microsoft RT-планшетін қайтып шығармауы мүмкін

Windows 10 операциялық жүйенің алдыңғы нұсқаларын пайдаланушыларға тегін болады

Ж. Өрісбай