Microsoft жаңа браузерін таныстырады

Microsoft жаңа браузерін таныстырады

Microsoft Internet Explorer (IE) платформасымен қоштасуды жоспарлаған көрінеді. 2015 жылы компания өнімнің жаңа нұсқасын шығармайды. Керісінше жаңа іздеу браузерін таныстырады.

Әзірге көпке белгісіз браузер Spartan деп аталады. Оның анонсы жуырда Windows 10 платформасымен бірге өткізілмек. Бұл заманауи әрі ыңғайлы іздеу батырмасына ие және IE құрылымынан мүлде өзгеше платформа болады. Ресми ақпараттарға сәйкес, Spartan браузері Firefox және Chrome браузерлерінің ортақ модулін құрайды екен. Ал техникалық негізі ретінде Microsoft Chakra JavaScript және Microsoft Trident қолданылады.

Мұнымен компания Internet Explorer-ді бірден зейнетке шығаруды көздеп отырған жоқ. Ескі браузер стандартты қосымшалар ретінде қолданыла бермек. Тек жаңартылмайды. Ал Spartan туралы толығырақ 21 қаңтар күні Редмонд қаласында өтетін Windows 10 нұсқасының таныстырлуы кезінде айтылады. 

Сурет: www.gadgetblog.ru

Ж. Өрісбай