Samsung Electronics Google-ға тәуелді болғысы келмейді

Samsung Electronics Google-ға тәуелді болғысы келмейді

Samsung Electronics Компаниясы тұңғыш рет Tizen операциялық жүйесімен жабдықталған смартфон шығарды. Samsung Z ТМД елдерінде тамыз-қыркүйек айларына қарай сатылымға шығады.

Samsung қалтафондарының барлығы Android тұғырнамасымен жабдықталған. Дегенмен, Оңтүстік Кореяның техноөндірістегі алыбы қосалқы операциялық жүйені жабдықтау мақсатында Tizen құрамына Intel компаниясы шығарған чиптерді енгізіп отыр. Бұл, шындап келгенде, Samsung-тің Google корпорациясы жасаушы Android жүйесіне тәуелді болмаудың амалы екені белгілі.

Компания жаңа смартфонды осы аптада Сан-Францискода өтетін Tizen операциялық жүйесін құрастырушылардың конференциясында таныстырады.

Дегенмен, HTC, Sony, LG және Huawei секілді бәсекелестері де осы операциялық жүйені өз құрылғыларына орнатып үлгерген. «Samsung барынша өзінің компоненттерін, дисплейін, бағдарламалық қамтулары мен қызметтерін үдемелі түрде дамытып келеді», - дейді IHS консалтингтік компаниясының маманы Иэн Фогг.

Өткен жексенбіде Samsung алдағы уақытта тура осы Tizen операциялық жүйесін жаңа смарт ТВ-ге орнататынын хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, Samsung-тің соңғы шағарылған Gear 2 смарт сағатындағы Android жүйесінің орнына Tizen орнатылған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар:

Sony Xperia Z1 Compact смартфонына шолу

Google мен Samsung өзара ғаламдық патенттеу келісіміне қол қойды

Google 3D тетігі бар смартфон шығарды (Видео)

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.bbc.co.uk

Ж. Өрісбай