Google мен Samsung өзара ғаламдық патенттеу келісіміне қол қойды

Google мен Samsung өзара ғаламдық патенттеу келісіміне қол қойды

Google мен Samsung инновацияны үдеріске қосу мен соттық қақтығыстарды азайтуға бағытталған кросс-лицензиялы келісімнің ғаламдық патентіне келісім берді. Келісім бизнес пен технология аймағының үлкен спектрін қамтитын болады және алдағы он жылда тіркелетін, қолда бар патенттерге бағытталады.

Samsung Google-дің Android мобильді операциялық жүйесін қолданатындықтан, қос компания бір-бірімен тығыс іскери қарым-қатынаста болуға, әсіресе, Samsung мүдделі. Бірақ келісім "жоғарғы технология өндірісіндегі үлкен маңызға ие" деп бағаланды және Google мен Samsung-тің интеллектуалдық меншік үшін бетпе-бет сот залында алысуының болуынан аулақтатады.

Бұл қадам патенттің бұзылуына байланысты миллиардтаған долларға айып ақы салуға шағымданған басты қарсыласы Apple-ге қарай өз бағыттарын нықтап алуды көрсетеді. "Samsung пен Google патенттік ділгірліктердің туындамауына қатысты жұмыла әрекет ету мақсатындағы өндірістің басқа да бөліктерін көрсетеді", дейді өз анықтамасында Samsung компаниясындағы интеллектуалды меншік орталығының басшысы Сеунхо Ан.

Айта кетсек, Samsung тарихында мобильді патенттерге қатысты ең көп шағым Apple компаниясынан болған болатын.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.bbc.co.uk

Ж. Өрісбай