Microsoft өз бәсекелесіне $70 миллион инвестиция құймақ

Microsoft өз бәсекелесіне $70 миллион инвестиция құймақ

Microsoft компаниясы Android модификациясымен айналысатын Cyanogen Inc. ұжымына 70 миллион инвестиция құюға ниетті. Бұл Google мен аталған компанияның арасында орын алған кикілжіңнен кейінгі шешім болып отыр. Нақтырақ айтсақ, Cyanogen компаниясы Android платформасын Google басқаруынан тартып алуды көздеген болатын. Мұнда Microsoft компаниясы Cyanogen-нің негізгі салымшысы атанып, алдағы уақытта өзінің платформасын дамытуды көздейді.

Қазіргі кезде CyanogenMod атауына ие Android оперативті жүйесінің тәуелсіз нұсқасы (аналогы) дербес кейіпке еніп келеді. «Біз Android платформасын Google-дан тартып аламыз» деген Cyanogen Inc. басшысы Кирт МакМастердің сөзін олардың өнімін таңдаған тұтынушылар саны дәлелдейді. Соңғы статистикалық ақпаратқа сүйенсек, бүгінде Android аналогын әлемде 50 миллионнан астам адам қолданады екен.

Microsoft компаниясының инвестициясы Google-дің өзге де қызметтерінің аналогтарына бағытталмақ. Расында Cyanogen толығымен Google өнімдеріне бәсекелес болуды ниет еткен. Ал оған Google-дің нарықтағы бақталастары қолдау көрсетіп отыр.

Сурет: www.cyanogenmod.org

Оқи отырыңыз:

Ален Делонның Ferrari көлігі кемі 12 миллион еуроға сатылмақ

Америкалықтардың гуманоид роботы даму үстінде

Microsoft RT-планшетін қайтып шығармауы мүмкін

Samsung жаңа платформадағы фотоаппарат шығарады

Ж. Өрісбай