- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Lutz Pathfinder —...
Lutz Pathfinder — ағылшындар құрастырған жүргізушісіз жүретін электрокар
Ұлыбританиялық инженерлер болашақта қолданылуы мүмкін электромобильдердің тағы бір аналогын таныстырды. Lutz Pathfinder деп аталатын көлік екі адамға арналған, жаяу жүргінші жүретін жолда да жүре алады. Автомобильді қашықтан басқаруға да болады.
Жаңа футуристік электрокарды Оксфорд университетіндегі Mobile Robotics Group тобының инженер-ғалымдары жасаған. Ағылшындардың автокөлік жүйесі GPS, лазерлі тетік пен панорамалық камералардың көмегімен бағдар алады. Lutz Pathfinder автокөлігі жақында сынақтан өткілізілмек. Айта кетсек, көлік кез келген смартфондағы арнайы бағдарламаланған қосымшаның көмегімен қашықтан басқарылады. Құрастырушылардың айтуынша, алдағы бес жылда Lutz Pathfinder Англия көшелеріндегі такси қызметін ұсынатын негізгі электокар моделіне айналады.
Алдын ала айтылған болжамдарға сенсек, Lutz Pathfinder көбіне көлік жүргізуге қауқары жоқ зейнеткерлер мен туристерге қызмет етеді. Көлік салонында екі адамның орнынан бөлек, айтарлықтай жүк салуға орын бар.
Өзін-өзі басқаратын көліктің қауіпсіз қозғалуы үшін оның жылдамдығы баяулатылған. Айтып өтсек, электромобиль сағатына 24 шақырым жылдамдықпен қозғалады.
Lutz Pathfinder инженерлердің сынағынан өтіп үлгермегендіктен, әзірге оның жаппай құрастыруға берілетін күні белгісіз. Ал оның бағасы туралы мүлде ақпарат берілген жоқ.
Ж. Өрісбай