Сутек негізінде қозғалатын көліктер арзандайды

Сутек негізінде қозғалатын көліктер арзандайды
Фото: www.forbes.com

Сутек – альтернативті энергия ресурсы. Дегенмен сутекті жанармай дайындау технологиясының көп қаржыны талап ететіні бүгінгі көлік өндірісіндегі басты мәселеге айналып отыр. Себебі сутекті жанармайдың катализаторы платина сынды ең төзімді металдан дайындалады. Ал металл төзімді болған сайын қымбаттайтыны белгілі. Альтернативті жанармай үлгісіндегі жаңа құрылымдық модуль платинаның орнына бейметалдарды пайдалану мүмкіндігін ұсынады.

Сутекті энергияны мотор айналымына шығаратын жаңа катализатор платина элементтерінің төзімділігі сынды жұмыс істейді. Егер Стэнфорд университетінің ғалымдары аталған технологияны жүзеге асыра алса, сутек негізінде қозғалатын көліктер арзандайтын болады. Жоба авторы Ий Суи (Yi Cui) жаңа технологияның сәтті аяқталуына АҚШ-тың энергия департаменті қолдау білдіргенін айтты.

«Бүгінгі қолданыстағы катализаторлар сутекті технологияға төзімсіз. Ендігі мақсат – платинаның орнын басатын төзімді ресурс табу. Ол үшін органикалық ресурстарды химиялық жолмен тәжірибеден өткізетін боламыз», - дейді Ий Суи.

Қазіргі кезде, платина – жанармай элементтеріне катализ жасау үшін қолданылатын бірден-бір металл. Платина табиғи ресурстар ішіндегі ең қымбат (28 грамм – 1000 АҚШ доллары) әрі ең сирек кездесетін металл болғандықтан, оны коммерциялық мақсатта қолдану тиімсіз. Соның өзінде де, платина Айды бағындыру ғаламдық мәселе болған кезде Apollo ғарыш кемелерінің жанармай элементінде қолданылған болатын.

Ресми ақпаратқа сенсек, катализатор негізін нитроксил мен азот оксиді сынды бейметалдардан құрайды. Зерттеу жұмыстары ACS Central Science ғылыми журналында жарияланды. 

Ж. Өрісбай