- Негізгі бет
- Шолу
- H5OS – нарықтағы...
H5OS – нарықтағы жаңа мобильді оперативті жүйе
Мобильді оперативті жүйелер нарығына тағы бір үлескер келді. Ол әзірге iOS пен Android платформаларына бақталастық тудыра алмаса да, нарықтағы өз беделін иемденері анық.
H5OS атауына ие болған жаңа мобильді жобаға 100 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынған. Acadine Technologies компаниясы ұсынатын платформа әзірге смартфон мен планшеттердің құрылымына негізделетін болады.
Расында, қытайлық компания жаңадан платформа құрған жоқ. Ол Mozilla Foundation компаниясымен келісімге келіп, Firefox платформасының негізгі құрылымын алған. Дегенмен, Acadine Technologies бағдарламалық қамту жүйесін толығымен өзгерткен. Тек желі технологиясы өзгеріссіз қалыпты. H5OS платформасы JavaScript, HTML 5 және CSS құрған қосымшаларды аша алады.
Платформа өз жұмысын бастағаннан кейін оның әртүрлі девайстағы нұсқалары да құрастырылмақ. Атап айтқанда смартфон және планшеттен бөлек, смарт-үй, фитнес-білезіктер мен «ақылды» сағаттарды платформаға бейімдеу басталады.
Ж. Өрісбай