Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Жаңалықтар / «Ақылды» үйдің смарт-құрылғыларын біріктіретін экожүйе таныстырылды

«Ақылды» үйдің смарт-құрылғыларын біріктіретін экожүйе таныстырылды

«Ақылды» үйдің смарт-құрылғыларын біріктіретін экожүйе таныстырылды

Google компаниясы болашақта барлық үйлерді қамтитын смарт технологияның қызметін толық өзіне еншілеуді көздеп отыр. Айта кетсек, компанияның ресми таныстырылған Brillo оперативті жүйесі смарт-құрылғылардың орталық басқару пункті болмақ.

Компанияның ресми өкілдерінің айтуынша, аталған жүйеге үйдегі қысқатолқынды пештен бастап, смарт құрылымға ие қоқыс жәшіктері де енгізіледі. Бұл желінің тұрақты қызмет көрсетуіне қолда бар Google интернет платформасы көмектеседі. Себебі қазіргі кезде дамытылып жатқан технологиялардың 60%-ы Android оперативті жүйесімен жұмыс істейді.

Brillo смарт-девайстардың ортақ платформада бірігуін қамтамасыз етпек. Бұл Google-дың гаджеттердің экожүйесін қалыптастырудағы алғашқы қадамы болып отыр. Google компаниясы өткен жылы жаңа жүйенің алғашқы прототипін Weave атауымен таныстырған болатын. Әзірге мұндай жүйені Google-дан өзге тек Apple корпорациясы (HomeKit жүйесі) құрастыруда. Ал Weave платформасы енді дербес жоба ретінде дамытылады.

Google вице-президенті Сундара Пичаидың (Sundar Pichai) айтуынша, Weave жүйесін Brillo платформасынан бөлек қолданған тиімді. Енді Weave технологиясының басты міндеті адамның табиғи дауысын тани алатын дыбыстық интерфейс болмақ.

Жалпы смарт-үй технологиясы үйдегі гаджеттердің бір желі арқылы басқарылуын қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта мұндай жүйелер бүкіл қаланың ауқымын қамтуы да мүмкін. Мысалы, біріккен жүйе арқылы қаланың ішінде қоқыс жәшіктерінің толып қалуы туралы белгілі орталықтарға жылдам ақпарат жіберіледі. Ал тоңазытқыштағы стандартты азықтың жеткілікті не аз екенін уақтылы мәлімдейді. Сонымен қатар, «ақылды» желдеткіш үй иесінің келе жатқанын алдын ала біліп, үйдің температурасын бір қалыпты сақтауға тырысады.

Gartner сараптамалық агенттігінің мәлімдеуінше, Google компаниясы жалпыға бірдей экожүйе қалыптастыра алмайды. Себебі компания смарт-үйдің жабдықтарын шығарумен айналыспайды. Ал оңтүстіккореялық Samsung компаниясының тұрмыстық техника шығарумен айналысатынын ескерсек, оның бұл салада жетістікке жетуі ықтимал.  

Айта кетсек, Samsung компаниясы Smart Things стартабын сатып алғаннан кейін, смарт-гаджеттерді біріктіретін экожүйе құрастыратынын мәлімдеген болатын. Ал бұл жоба алдағы бес жылда жүзеге асырылмақ.

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: www.theguardian.com
Қосылған күні: 01 маусым 2015, 13:12

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->