Ford жүргізушісіз көлік жасап шығарды

Ford жүргізушісіз көлік жасап шығарды

Ford компаниясы жүргізушіні қажет етпейтін, өздігінен басқарылатын жаңа көлік жасап шығарды. Бұл жұмысқа Ford компаниясы мамандарынан бөлек, State Farm және Мичиган университетінің зерттеушілері қатысқан.

«Тәжірибе жүзінде» шығарылған көлік Fusion Hybrid моделінде құрастырылған. Көліктің құрылымдық жүйесі айналмалы лазермен жабдықталған. Өзге де жетекші компаниялардың құрылымдық жүйесіне қарағанда Ford компаниясы көлігінің мүмкіндігі жоғары. Көлікті жүргізушісіз жылдамдығын арттырып, тиісінше тежеп, қиындықсыз басқаруға болады. Ford компаниясының жорамалдауы бойынша, жүргізушісіз көлікті 2025 жылы көшелерден көре аламыз.

Осы кезге дейін жүргізушісіз көлік технологиясын жапон мамандары мен Оксфорд университетінің мамандары ұсынған болатын. 

Ford компаниясы жасап шығарған жүргізушісіз көлік:


Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: zhelezyaka.com

Ш. Талап