Британдықтар жүргізушісіз көлік жасап шығарды

Британдықтар жүргізушісіз көлік жасап шығарды

Оксфорд университетінің мамандары жүргізушісіз, өздігінен басқарылатын көлік технологиясын жасап шығарды. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - кедергілерді табудағы ең арзан жүйені жасап шығару болған.

Инженерлердің осы саладағы ізденістері тұңғыш рет Nissan Leaf элетромобилінде жүзеге асты. Мамандар жасап шығарған навигациялық жүйесінің қазіргі бағасы 5 мың фунт стерлингті құрайды. Ол жүйеде бірнеше бейнекамера мен лазерлер қызметі пайдаланылған. Жүйені құрастырушы мамандар болашақта оның бағасын 100 фунтқа дейін арзандатуды жоспарлап отырған көрінеді. 

Жүйе құрал-сайман панелінде орналасқан iPad арқылы басқарылады. Технология планшет бетін саусақпен бір рет қана басу арқылы көлікті автоматты режимге алмастыруға мүмкіндік береді. Және керісінше, көлікті өз бақылауыңызға кез-келген уақытта тежегішті басу арқылы алуыңызға болады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zn.ua

Б. Қосмағамбет