Apple анти-жарнама жасап шығарды

Apple анти-жарнама жасап шығарды

Американдық Apple корпорациясы тағы бір үлкен жаңалықтың иесі атанды. Ол қолданушыларға жарнаманы көрмеуге не болмаса оны тыңдамауға мүмкіндік беретін жаңа құрылғы жасап шығарды. Бұл құрылғыны 21 тамыз күні, компания заңды түрде патенттеп үлгерді. 

Құрылғы қолданушыға жарнама үзілісі кезінде музыка тыңдап немесе басқа да файлды көруге мүмкіндік береді. Құрылғы жарнаманың басталғанын өзі анықтап, "ұнамсыз" бағдарлама аяқталысымен, өздігінен телеарнаға немесе радиоға қосылады. Сондай-ақ, Apple-дің жаңа жобасы "лайк" және "дислайк" арқылы қолданушының таңдауын еске сақтап, қолданушы ұнататын файлдарды іске қосады. 

Әзірше Apple жаңа жобаны қандай құрылғыларда қолданатындарын жасырып қалуда. Айта кетсек, бұдан бұрын БАҚ-та аталған компания өзінің теледидарын шығармақшы деген сыбыс тараған еді. 

Естеріңізге сала кетсек, Apple әлемдегі ең қымбат компания болып танылды. Компанияның нарықтағы құны 623 миллиард долларды құраған. Бұған дейін "ең қымбат компания" мәртебесі Microsoft иелігінде еді. 1999 жылы оның құны 620,58 миллиард доллар болды. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: mybusinesstyle.blogspot.com

Ж. FM