Galaxy S4 және өзге 5 смартфон

Galaxy S4 соңғы уақытта Android телефондардың ішінде талассыз көш бастап тұр. Бүгін назарларыңызға осы күндері кең қолданыста жүрген Galaxy S4-тен өзге 5 смартфонды салыстыру арқылы оның ерекшеліктері мен артықшылықтарын көрсететін боламыз. Galaxy S4-пен бәсекеге түсетін смартфондар: iPhone 5, Sony Xperia Z, HTC One, Galaxy S3, Nokia Lumia 920.

Көрінісі және жарықтығы

iPhone 5, Sony Xperia Z, HTC One, Galaxy S3, Nokia Lumia 920 смартфондарының бәрінің LCD экрандық сипат алған. Олардың барлығы Galaxy S4-тен жарық болып көрінеді. Бірақ, оның жарықтық дәрежесі бұрынғыдан артқан, әрі көзге үйлесімді.

Көру бұрышының салыстырмасы

Бүгінгі күні көптеген смартфондардың көру бұрышы өте жақсы дәрежеде жұмыс істейді, бірақ, осылардың ішінде Sony Xperia Z-тің көру бұрышы ең нашар. Сіз ұқсамаған бұрыштардан телефон экранына қарасаңыз, оның қаншалықты анық көрсете алатынын байқайсыз. iPhone 5 мен HTC One бұл аталымда өте жақсы жұмыс істейтіндердің қатарында.

Кескін элементінің тығыздық салыстырмасы

Смартфон кескінінің айқындық салыстырмасы биыл 1080P,  кескін элементінің тығыздығы 468ppi. Бұл қатарда көш бастап тұрғаны HTC One – оның айқындық салыстырмасы 1080P, кескін элементінің тығыздығы 468ppi тұрады. Ал Galaxy S4 пен Sony Xperia Z 441ppi тығыздықта жұмыс істейді.

Рең көрсету салыстырмасы

Түстерді тану мен оны түпнұсқада көрсету жағынан iPhone 5 мен HTC One өте шынайы жұмыс атқарады. Ал Galaxy S4 бір түрлі Adobe көрсету жүйесін орналастырған. Сіз өз телефоныңызға түстерді көрсетудің әр түріне баптау жасай аласыз.

P. S

Дәстүрлі әлемнен алыстатып бара жатқан технологияның өз қолымызда екенін аңғармай да қаламыз. iPhone 5 қолданған IPS жүйесі де, HTC One қолданған SLCD 3 жүйесі де фотоның сапасы мен сыртқы әлемнің шын бейнеде қалтафонға көшуін сезіндірді. Ал Galaxy S сериясының әр ұрпағы бізге өте үлкен тербелістер жасап келеді. Galaxy S4 қолданған Super AMOLED жүйесі жаңа (жас), әрі заманауи технологияның күн өткен сайын кеңінен қолданыста болып, даму кеңістігінің әлі де мол екенін дәлелдеп келеді.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: qq.com