Саяхаттаушыға арналған шәйнек

Словакиялық дизайнер саяхаттаушыларға арнап Folded Java Maker атты эргономды шәйнек жасап шықты. Таяу арада бұл туынды әрбір саяхаттаушының сөмкесінен табылмақ...

Өте шағын әрі оңай жиналып, оңай құрастырылатын шәйнек джинсы шалбарының артқы қалтасына да сиып кетеді екен. Алыс жерге жол жүргенде жүгіңізді біршама жеңілдеуін ойлап шыққан ғалым бұл құрылғының тұрмыстық жағдайдағы қызметі орасан екенін айтыпты. Оның корпусы ыстыққа төзімді пластмассадан жасалған. Шәйнек қайнаған суға толы болса да, қолыңызды күйдірмейді. Ал ішкі бөлігі толықтай (100 пайыз) силиконнан жасалыпты.

Пластикалық материалдың арқасында шәйнекті жалпақ формаға жинай аласыз. Құрылғы арнайы қуаттау адаптерімен де жабдықталған (үй тоқ көзі, автокөлік тоқ көзі, күн энегргиясын алу құралдары арқылы да қуаттала береді). Шәйнек құрылымындағы магниттік элементтер оның жеңіл әрі пайдалы болуына мүмкіндік тудырып отыр.  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: rambler.ru