Қол кептіретін суқұйғыш

Британиялық Dyson компаниясы көпшілікке қоспалауыш пен кептіргіштің гибридін ұсынды. Идея авторы компанияның негізін қалаушы Джеймс Дайсон. Өнертабыстың арқасында қолын жуып болған адам шұңғыладан алыстамай-ақ қолын кептіре алады. Құрылғы инфрақызыл сенсормен жабдықталған. Автордың айтуынша, жуынушы қолын 12 секунд ішінде толық кептіре алатын болады. Dyson Airblade Tap-тың бактерияларды өлтіруге арналған HEPA фильтрімен жабдықталғандығын да айта кетелік.

Құрылғы кеме жасау өнеркәсібінде пайдаланылатын таттанбайтын болаттан жасалған. Модель 1600 Ваттық электр қоғалтқышына ие. Бір минутта 90 000 рет айналатын ол әлемдегі ең кішкентей электр қозғалтқышы екендігін айта кетелік.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/xALoAQ-5xcI","width":"450","height":"240"});

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: zhelezyaka.com