Семейде іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Семейде іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, - Мassaget.kz тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары үй тонағаны үшін Семей қалалық сотымен іздестіріліп жатқан 34 жастағы ер адамды ұстаған.

"Қылмыскер бір жыл бұрын жер үйлердің біріне терезе арқылы кіріп, одан жарты миллион теңге мен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Бірақ сол кезде оны табу мүмкін болмады", - делінген ақпаратта.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.