825 шақырым. Қытай шөл далада теміржол салды

Қытай шөл далада әлемдегі алғашқы теміржолды іске қосты. Ол елдің солтүстік-батысын қамтиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Табиғи ландшафттың күрделігіне байланысты теміржол желісінің құрылысы үш жарым жылға созылды. Теміржолдың ұзындығы - 825 шақырым.

Қытай билігі құмды дауылдардан жолды қорғау үшін бес көпір салды және 13 миллион бұталар мен ағаштар отырғызылды. Енді пойыз сағатына 120 шақырымға дейін жүре алады.