Түркістан облысында ер адам қызғаныштан әйелін атып тастаған

Түркістан облысында ер адам қызғаныштан әйелін атып тастаған
Фото: 74.ru

Түркістан облысында ер адам әйелін бұрынғы күйеуінен қызғанып, атып тастаған, - деп хабарлайды otyrar.kz.  

Басылым мәліметінше, Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық некедегі әйелін қызғаныштан өлтірген 41 жастағы ер адамға үкім шығарған.

Қайғылы оқиға Сауран ауданының Қаражон ауылында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, әйел 34 жаста болған. Оның азаматтық некедегі күйеуі басына 16 калибрлі мылтықтан оқ атқан. Әйел оқиға орнында қаза тапқан.

Сотта ер адам әйелді өлтіргісі келмегенін, тек қорқытқысы келгенін айтқан. Алайда 2, 15 және 16 жастағы үш бала анасыз қалды. Ол 18 жылға ең жоғары қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді. Үкім заңды күшіне енген.

Ж. Қадыржанова