Атырау облысында жоғалған тұрғын 13 жылдан соң табылды

Атырау облысында жоғалған азаматша 13 жылдан соң туыстарымен табысты, - деп хабарлайды Elitar.kz порталы.

2011 жылы Қырғызстан Республикасының әпкелі-сіңлілі екі азаматшасы саудамен айналысу үшін Атырауға келген. Сол жылы-ақ әпкесі еліне оралмақ болады, ал сіңілісі Атырауда қаламын деп шешім қабылдайды. Екі бауырдың арасы сол жылы ажыраған. 

Кейін азаматша өз жақындарымен ренжісіп қалғаны белгілі болды. Туыстары араға біраз жыл салып, өз бетімен іздеп келгенімен нәтиже болмапты. Кейін атыраулық полицияға шағымданған.

"13 жыл бойы көрмеген бауырымды тауып берген полицейлерге айтар алғысымыз шексіз. Осы сәтті қанша армандап, күттім. Қуанышымда шек жоқ!", - деп көзіне жас алды қуанған әпкесі.