"Сағынба". ШҚО-да 18 жастағы қыз он күннен бері іздестіріліп жатыр

"Сағынба". ШҚО-да 18 жастағы қыз он күннен бері іздестіріліп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында итімен серуендеуге шыққан 18 жастағы қыз он күннен бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды yk-news.kz сайты.

Еріктілердің айтуынша, жоғалған қыз Шемонаиха ауданы Октябрьское ауылының тұрғыны Анастасия Акулова.

Ол 5 маусымда итін серуендету үшін үйден шығып кеткен, бірақ оралмаған.

Анастасия Акулованың белгілері: джинсы шалбар, көк жемпір, кроссовка және қара күрте киген. Ерекше белгісі - қолында "Сағынба" деген татуировкасы бар.

Жоғалған қыз туралы мәлімет білетіндер 8-771-466-54-38 немесе 102 телефондарына хабарласуларын сұраймыз.

Г. Досымшалова