Илон Маск әке атанды
![Илон Маск әке атанды](/userdata/news/news_61999/image_l.jpg)
Фото:
google.kz
Әлем миллиардерінің бірі Илон Маск пен әнші Граймс алғаш рет ата-ана атанды. Бұл туралы Tesla және SpaceX бас директорының өзі Twitter-дегі парақшасында: «Сәби мен анасының жағдайы жақсы» деген. Кейін ұлды болғаны белгілі болды.
![](/userdata/uploads/u61410/1588666731_l.jpg)
Граймс алғаш рет ана атанса, Маск бұған дейін 5 баланың әкесі болған. Болашақ ана бұрын тікелей эфирдің бірінде 4 мамырда күні толатынын айтқан. Айтқаны айдай келіп, 4 мамыр күні сәбилі болды.
Ең қызығы, тура екі жыл бұрын Маск пен Граймс ресми жұп атанған болатын. 2018 жылы Нью-Йоркта МЕТ қызыл кілемінде бірге ел алдына шыққан.