WhatsApp мессенджерінде топтық видеочат пайда болды

WhatsApp мессенджерінде топтық видеочат пайда болды
Фото: uncova.com

WhatsApp өзінің хабарлама алмасу сервисін жаңартты. Енді мессенджерде топ болып видеочат жасауға болады. Видеочатқа 4 қолданушыға дейін қатыса алады. Ол үшін мессенджердің соңғы нұсқасын жаңарту керек.

Қарапайым екі адамға арналған видеочат 2016 жылы пайда болған еді. Ал жаңа функцияны жасақтауға біршама уақыт кеткен екен. 2018 жылы мамырдағы F8 конференциясында Facebook Instagram мен WhatsApp-қа арналған топтық видеочат жасалатынын мәлімдеген.

Instagram әлеуметтік желісінде топтық видеочат маусым айының соңында пайда болған еді.

Massaget.kz