1 сағаттық Instagram

1 сағаттық Instagram
Фото: geekwire.com

Instagram әлеуметтік желісінде енді 1 сағатқа дейін көлемде видео жүктеуге болады. Ол үшін арнайы IGTV қосалқы сервисі іске қосылады. Сервис кәдуілгі қолданушылар арналарының платформасы ретінде және видеоларды жүктеуге арналған. 1 сағаттық видеоларды Instagram-да да көре беруге болады. 

Компания өкілдерінің айтуынша, жаңа сервис теледидарға ұқсайды, тек арналардың орынына қолданушылардың аккаунттары қолданылады. Өз арнасын кез келген қолданушы аша алады. Бағдарлама AppStore және PlayMarket онлайн-дүкендеріне шығарылмақ. 

Сондай-ақ, Instagram негізін қалаушыларының бірі Кевин Систром айына белсенді миллиард қолданушы көрсеткішіне жеткендіктерін хабарлады.

Massaget.kz