2017 жылдың үздік ойындары анықталды

2017 жылдың үздік ойындары анықталды
Фото: wallpapertag.com

Лос-Анджелесте жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін The Game Awards сыйлығының аясында 2017 жылдың үздік ойындары анықталды. Нәтижелер жоба сайтында жарияланды. Биылғы жылдың үздігі The Legend of Zelda: Breath of the Wild ойыны болды. 

Бұл ойын Super Mario Odyssey, PUBG, Persona 5 және Horizon Zero Dawn бағдарламаларын айналып өтіп, «Үздік режиссура» және «Үздік ойын-сауық іс-шаралары» номинацияларында марапатқа ие болды.

«Жылдың үздік акциясы» деп «Wolfenstein II: The New Colossus» ойыны танылды. Ал, Overwatch бірнеше жыл бойы ойнайтын үздік ойын ретінде жеңімпаз атанды.

Рөлдік ойындар номинациясы арасында «Persona 5» командасы үздік деп танылды, үздік файтинг Injustice 2, бүкіл отбасы үшін үздік ойын Super Mario Odyssey және ең үздік стратегия Mario + Rabbids Kingdom Battle ойындары болды. 

Ж. Жұмағұлов