Сауд Арабиясында әйелдерге көлік айдауға рұқсат берілді

Сауд Арабиясында әйелдер көлік айдау құқығына ие болды. Жаңа Заңға ел патшасы Сальман бен Әбдел Азиз Әл Сауд қол қойды.

Әйелдерге көлік айдауға рұқсат берілген ереже 2018 жылдың шілде айында заңды күшіне енеді. Оған дейін елдің ішкі істер министрлігі, қаржы, еңбек және әлеуметтік даму орталықтары жаңа Заң аясындағы кей ережелер мен жұмыстарды толықтыратын болады.

Сауд Арабиясы әйелдерге көлік айдауға тыйым салған әлемдегі жалғыз ел болатын. Осыған дейін елде көлік тізгіндеген әйелдерді қамауға алып, айыппұлдар салып келген.

Осыған дейін шығыстық басылымдар Сауд Арабиясында қыркүйек айынан бастап "WhatsApp" пен "Skype" мессенджерлерін қолдануға рұқсат бергені жайлы жазған еді. Ал осы жылдың маусым айынан бастап елде қыздарға дене шынықтыру сабағына қатысуға болатыны жайлы Заң өз күшіне енген болатын. Осыған дейін елде қыздарға дене шынықтыру сабағына қатысуға тыйым салынып келген.