Alpha2 – смартфоныңыздан ақылды робот

Америкалық Ubtech Robotics компаниясы адамға ұқсас робот құрастырды. Құрыстырушылардың айтуынша, бұл балалардың темір досына айналады.

Гуманойдтың құрылымы смартфонға ұқсайды. Оның платформасында «ақылды» телефондағы барлық функциялары бар. Сондай-ақ, үйдегі барлық гаджеттерге қосыла алады. Инновациялық робот әртүрлі қысым тетіктері мен сенсорлардың көмегімен қоршаған ортаны бақылай алады.

Робот құрылымы адамның дене бітіміне қарап жасалған. Оның аяғы мен қолы жылдам қимылға бейімделген. Сонымен қатар, басындағы микросызбасы кез келген смартфонның оперативті жадынан көп ақпаратты игере алады.

Робот үйдегі түрлі қызметтерді қатар орындай алады. Ол сіздің күндік жоспарыңызды жасап, балаларды оқытумен айналысады. Тіпті, үй жануарларының көңіл-күйін көтереді.