Қытайда әлеуметтік желілер уақытша бұғатталатын болды

Қытайда әлеуметтік желілер уақытша бұғатталатын болды
Фото: macdigger.ru

Қытай елінің басшылығы елде өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты қарсаңында «facebook», «twitter» әлеуметтік желілері мен «google» сервисінің жұмысын уақытша тоқтатын болды. Бұл туралы Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығының (IAAF) бас хатшысы Эссар Габриэль хабарлады.

Жеңіл атлетикадан Бейжіңде өтетін әлем чемпионаты 30 тамызға дейін жалғасады. Бір аптадан асық уақыт ішінде Қытай халқы «facebook»пен «twitter» әлеуметтік желілерін пайдалана алмайды. Ал «google» іздеу жүйесі белгілі бір уақыт аралығында ғана жұмыс жасайтын болады. Соңғы рет «google» Қытайда 2012 жылы 12 сағатқа бұғатталған болатын. Ал әлем чемпионатына қатысушыларға әлеуметтік желі мен «google» іздеу жүйесін пайдалануға мүмкіндіктер бар.

- «Facebook», «Twitter» және «Google» жүйелерін әлем чемпионатына қатысатын спортшылар, тілшілер мен бапкерлері ғана пайдалана алады. Біз жарыс өткізуші елдің заңын құрметтеуге тиіспіз. Сондықтан да біз өз ақпаратымызбен бөлісетін боламыз. Әлеуметтік желілер әлем чемпионатына арналған арнайы қонақүйлерде ғана қолжетімді болады, - деді Эссар Габриэль.

Айта кетейік, жеңіл атлетикадан Бейжіңдегі әлем чемпионаты ертең басталады. Еліміздің намысын 10 спортшы қорғайтын болады. Олардың қатарында 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да бар.  

О. Сансызбай