iPhone-ды жылдам қуаттауға арналған бірер кеңес

Әлемдегі ең қымбат брендті тұтынушыларға пайдалы кеңес беруді жөн көрдік. Қазіргі қарбалас өмірде әрбір минутымыз санаулы сияқты көрінеді. Тіпті кейде қолыңыздағы смартфонның қуатын толтырып алуға да жеткілікті уақытыңыз болмайды. Ал оны жылдам қуаттаудың бірнеше қарапайым тәсілдері бар екен. Оған сіз артық шығындалмайсыз және күрделі әрекет те талап етілмейді. 

1. iPhone смартфонын «Әуе» (Авиарежим) тәртібіне өзгертіңіз

Бұл жағдайда сіздің смарт көмекшіңіз әртүрлі хабарламаларға, хаттамалар мен желілерді іздеуге артық қуат жұмсамайды. Сондықтан қуаттау үдерісі жылдам жүрері анық.

2. Смартфонның сыртқабын алып тастаңыз

iPhone қуаттау құрылғылары жоғары температурада жылдам жұмыс істей алмайды. Ал оның сыртқабы температураның жоғарылауына демеу болады екен. Тіпті бұл туралы Apple компаниясының ресми сайтында да айтылады. Смартфонды жоғары немесе төмен температурадан сақтауға және гаджеттің корпусы қызып кеткенде сыртқабын шешуге кеңес беріледі.

3. iPad-тың қуаттау құрылғысын қолданыңыз

iPhone смартфондарына арналған құрылғылардың қуаты — 5 Вт, ал оның iPad планшетіне арналған аналогтары — 12 Вт. Нәтижеде iPhone 6 Plus смартфонының қуаттау үдерісі 40%-ға жылдам жүреді.

4. iPhone-ды қуаттау кезінде қозғатпаңыз

Смартфон қуат алу процесіне кедергі болмау керек. Себебі сіздің еркіңізбен қосылған экран артық қуаттың жұмсалуына алып келеді.