Қыздарға ыңғайлы көліктер

Қыздарға ыңғайлы көліктер

Автопром өз өнімдерін гендерлік белгілеріне байланысты бөлмейді. Кішігірім оңтайлы көліктерді артық көретін еркектер де (оның ішінде дене бітімі ірілер), ірі көлемді жол талғамайтын көліктерді таңдайтын әйелдер де бар. Бірақ сонда да, статистика бойынша, әйелдер үшін кішігірім ыңғайлы көліктердің пайдасы көбірек екені анықталған.

Кішігірім көліктердің артықшылығы:

Кішкентай көліктердің, оның ішінде ойыншыққа ұқсайтындардың, шын мәнінде көптеген артықшылығы бар:
- оңтайлылық деңгейі жоғары;
- қолданыс үнемділігі және жеңілдігі;
- қызмет көрсету ұсыныстарының арзандығы;
- экологиялық жоғары деңгей;
- қолжетімді баға және т.б.

Оңтайлылық. Кішкентай көлігіңіздің қуаты сізбен бірге кептелісте тұрған жол талғамайтын автокөліктен кіші болса да, сіздің басқа көліктердің арасына жылдам әрі білдірмей кіріп кетуге мүмкіндігіңіз жоғары. Сонымен қатар, сіз бір қатардан бір қатарға оңай ауыса аласыз және жолда көптеген басқа маневр жасай аласыз. Ал бұл қазіргі автомобильдердің саны артқан күні өте маңызды.

Бұған қоса, мұндай көліктердің дөңгелек қоры кішкентай болатындықтан (алдыңғы және артқы дөңгелек арасындағы қашықтық) тар көшелерде бұрылу қиынға соқпайды.

Қолданыс үнемділігі және жеңілдігі. Шағын қозғалтқыш күшінің арқасында кішкентай көліктер үлкен көліктерге қарағанда 100 км жолға жанармай мен майды аз тұтынады. Кішігірім көлікке қыздар тез үйренеді және өзін сенімді ұстайды. Сонымен қатар кішкентай көлікпен автотұраққа орналасу қиынға соқпайды: көліктер арасындағы кішкентай орындарға сығылысып кету деңгейі жоғары.

Қызмет көрсету ұсыныстарының арзандығы. Кішкентай көлікті жөндеу және қызмет көрсету әлдеқайда арзанға түседі (бұл жыл сайынғы төленетін салық, техтексеру, сақтандыру, автобөлшектер, қызмет көрсету тарифтері және т.б. қатысты). Бұл әйелдер үшін өте жағымды дерек, өйткені көліктен үнемдеген ақшасын ол өзіне жұмсай алады.

Экологиялылық. Көліктің қуаты аз болған сайын, қоршаған ортаны ластау деңгейі де төмен. Ғаламдық жылылық қаупі немесе қоршаған ортаның ластануы сынды адамзатқа ортақ мәселелерге бас қатырмасаңыз да, көптеген елде зарар газдың атмосфераға шамадан тыс бөлінуіне айыппұл салынатынын ескеруіңіз керек. Міне, сондайда көлігіңіздің қозғалтқыш көлемі кішкентай екеніне, ауаны зиянды пайдаланылған газбен уламайтынына қуанасыз.

Қолжетімді баға. Әрине, люкс деңгейіндегі қымбат бағадағы кішкентай көліктер бар, бірақ мұнда көптеген әйелдің көңілінен шыққан танымал кішкентай көліктер жайлы сөз қозғалған. Нәзік жанды арулар кішкентай көліктерді қолжетімді бағасы үшін сатып алып жатады. Өйткені бүгінгі күні мұндай көліктерді орта табысты әйелдер де сатып ала алады.

Қыздарға ыңғайлы ең үздік көліктер

NISSAN MICRA. Бұл көліктің басқа көліктерден бір ерекшелігі – сыртқы түр-әлпетінде. Көліктің кіп-кішкентай көлемі имек дөңгелек төбе және сопақша фарлармен сәтті үйлескен. Салонның кез келген орындығында отыру ыңғайлы әрі жайлы. 100 км-ге жанармай шығыны бар-жоғы 5,5 л. Өте үнемді азлитрлі көлік.

Өндірушілер бұл көлікті ең кішкентай бұрылыс шеңберімен қамтамасыз еткен. Бұл дегеніміз, мұндай көлікпен тығындалған қалалық көшелерде оңай қозғалуға болатынын білдіреді.

DAEWOO MATIZ. Капоттың төмендетілген пішіні мен сопақша келген фарлар көліктің кішкентай өлшемімен үйлесіп, көлікті ойыншыққа ұқсатады, бірақ салон төрт ересек адамға есептелген және дәл сол көлемдегі заттарды сыйдыруға болады. Үлгі қауіпсіздік жастықтарымен және ABS-пен жабдықталған, есіктер конструкциясы көлік апаты кезінде жүргізушіні жарақаттан сақтап қалуға негізделген. Комплектациясы біршама қарапайым, соған сәйкес бағасы да қарапайым.

FORD FIESTA. Көліктің бұл үлгісі сыртынан спорттық көлікке ұқсайды. Салон мен шанақты әрлеуге өндірушілер көптеген бөлшекті пайдаланған. Көлік парк-троникпен, кез келген терезесін қыздыру, климат-бақылау, ABS-пен жабдықталған. Жүргізуші мен жолаушының қауіпсіздік деңгейі барынша қарастырылған. Көлік сыйымды, бағасы көбіне комплектациясына байланысты ауытқуы мүмкін.

OPEL CORSA. Кішігірім көлік 3 түрлі қуаттылықта ұсынылған: 60, 80 және 90 л.с. Алдыңғы жүргізуші және жолаушы орындықтары кең және жайлы, ал артқы жақта орын біршама аз (мұны кемшілік деуге келмес, егер әйел адам артқы жаққа балаларды орналастыратын болса, олар сыятын деңгейде). Азлитрлі бұл көлік халық арасында өзінің оңтайлылығымен танымал, сонымен қатар қызмет көрсету ұсыныстары да арзан.

TOYOTA YARIS. Бұл азлитрлі көлік үлгісі өз сегментінде өте танымал. Ол шағын, оңтайлы, жол талғамайтын көлік орналаса алмаған жерге оңай сыналанып кіріп кетеді. Үнемді негізгі комплектациясы кондиционер, 7 қауіпсіздік жастығы, ABS пен дыбыс өткізбеу жабдығынан тұрады.

Оқи отырыңыз:

Көлік жүргізуші қыздарға кеңес

Сурет: auto.gazeta.kz, myjane.ru, av.by, nemezkie-avto.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina