Қағаз кітаптың электронды кітаптан 6 артықшылығы

Қағаз кітаптың электронды кітаптан 6 артықшылығы

Жаңа технологиялар үй телефоны, пошта және пленкалық фотоаппарат сияқты заттарды ысырып тастады. Кітап пен газеттің өзі де таяу арада керексіз болып қалатын сияқты. Елімізде биыл жабылған газеттің санында шек жоқ. Бұған қарағанда бүкіл ақпараттың электронды сипатқа өтетін түрі бар.

Сандық құрылғылардың басты жетістігі – онда көптеген құжаттарды жинау мүмкіндігі. Дәл осылай электронды кітаптарға да талай том кітаптар сияды. Бірақ дәстүрлі кітаптардың жақтаушылары қағаз кітаптың орнын ештеңе баса алмайтындығы туралы әр жерде айтып жүр. Мәселен...

1. Сезім

Иә, кітапты алғаш ашып, оның салмағын, көлемін, иісін, шытырлаған даусын есту сезімі электронды кітаптарды болмайды. Қағаз кітапты оқу кезінде сіз тарихпен бетпе-бет келіп отырғаныңызды сезінесіз. Күлуіңіз мүмкін, бірақ сезім де маңызды рөл ойнайды.  

2. Оқып үйрену

Электронды кітаптар қолайлы қызметтерге толы. Бірақ олар әлі де қағаз кітапқа жете алмайды. Сіз бір кітаптың бірнеше бетін қатар ашып, түзеп, қайта қарауға мүмкіндігіңіз бар. Әрқайсысына белгі салуға және белгілі бір мәтінді маркермен бояп қоюға мүмкіндігіңіз бар. Ал осының барлығын электронды кітаппен жасап көріңіз...

3. Сыйлау

Біздің дәстүрде сыйлық ретінде кітап беру қалыптасып кеткен. Мұның бәрі, әрине қағаз кітапқа байланысты бола алады. Оның әрқайсысы түрлі-түрлі қағаздан жасалады. Ал сіз электронды құрылғыны кітап ретінде сыйлай аласыз ба? Тым қымбат емес пе?

4. Коллекция жинау

Қағаз кітабы тарихтың жәдігері екенін жоғарыда айттық. Сонымен қоса, кітап – өнерге айналуы мүмкін. Кітап сіздің естелігіңіз бола алады. Әрине, кітапты сіз жинай аласыз! Сандық құрылғылар осындай мүмкіндіктерден ада, әрі файл ретінде электронды кітапты коллекция қылып жинау ақылға қонымсыз.

5. Сатып алу

Электронды құрылғы арқылы сіз көптеген кітаптарды сатып аласыз, нақтырақ айтсақ, жүктеп аласыз. Бұдан кейін кітап сіздің электронды қорыңызда тұрады. Ал егер қағаз кітапты алғыңыз келсе – сіз міндетті түрде оны кітап дүкеніне барып, ақшасын беріп сатып аласыз. Бұл дегеніңіз сіз сатып алынған кітапты міндетті түрде оқып бітіресіз және оны құндылық ретінде бағалайсыз деген сөз.

6. Келбет

Кітап ұстаған адам қандай да бір гаджет ұстап тұрған адамнан әлдеқайда ақылды, білімді болып көрінеді. Қолыңыздағы кітап сіздің зияткерлік қырыңыз бен статусыңызды анықтап береді. Ал электронды кітап ұстаған адам сырт көзге ойын ойнап отырғандай көрінеді.

Ал сіз қалай ойлайсыз?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: expert.ru

А. Құлтай