Ең жеңіл әрі ең кішкене мобильді телефон

Willcom жапондық ұялы байланыс операторы өздері қазіргі таңдағы осы тектес құрылғылар ішіндегі ең кішкене әрі ең жеңілі деп атаған Phone Strap 2 WX06A мобильді телефонын таныстырды. Аппарат 1 дюймды түрлі-түсті экранға және 32×70×10,7 мм габариттеріне ие болды. Оның салмағы бар жоғы 32 граммды құрайды (яғни ұялы телефон iPhone 5-тен төрт есе жеңіл).

Өкінішке орай, Phone Strap 2 смартфонында камераға орын табылған жоқ. Алайда телефонда ИК-порт байланысы бар. Өлшемдерінің тым кіші болуы себепті үлкен батареяны орналастыруға мүмкіндік болмады. Ондағы шағын батарея телефонмен 2 сағат сөйлесуге немесе 300 сағат күту режимінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ гаджет ұзын антеннамен де жабдықталған.

Жапон нарығына осындай типтегі телефонның бар болғаны 12 мың данасы сатылымға шықты. Аппарат үш түрлі түсте қолданушыларға ұсынылады: қызғылт, ақ және қара. Бағасы әзірге белгісіз.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: mobiiliblogi.com