ADATA CE700 - мобильді құрылғыларды сымсыз қуаттандырғыш жаңа девайс

ADATA CE700  - мобильді құрылғыларды сымсыз қуаттандырғыш жаңа девайс

Компьютерлік жадтарды шығарумен танылған ADATA компаниясы қазіргі таңда басқа да жаңа заманғы өнімдерді шығарумен айналыса бастады. Оған дәлел Qi стандартын қолдай отырып, мобильді құрылғыларды сымсыз қуат көзімен қамтамасыз ететін CE700 гаджеті болып отыр.  

Құрылғыларды қуаттандырғаннан бөлек, ADATA CE700 құрылғысын планшеттерге қуат бере отырып, одан видео тамашалауға мүмкіндік беретін подставка ретінде де қолдануға болады.  

Құрылғы қуат алу кезіндегі және басқа да жағдайлармен таныстыратын жарықдиоды бар арнайы датчикпен жабдықталған. Гаджет пайдаланылмай құр тұрған кезде, автоматты түрде энергия үнемдеу режиміне қосыла алады. Ал қуат көзін розеткадан да, USB-порты арқылы компьютерден де бірдей алатын мүмкіндігі бар.  

ADATA CE700 сымсыз қуаттандырғыш девайсының бағасы онлайн-дүкендерде 50 долларды құрайды.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: ixbt.com

 

Б. Қосмағамбет