Samsung компаниясының жаңа қос өнімімен таныс болыңыз...

Samsung компаниясының жаңа қос өнімімен таныс болыңыз...

1. Samsung корпорациясы Galaxy Camera 2 смартфон-камерасының жаңа нұсқасының ресми түрде тұсауын кесті. Гаджет көпшіліктің назарына CES 2014 көрмесінде көрсетіледі деп күтілуде.

Galaxy Camera 2 смартфоны BSI көмескі жарық технологиясы бар 16,3-мегапиксельді сенсорлы экранға ие, ал 23-миллиметрлі үлкен бұрышы оған 21 есе оптикалық зумды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ол бейненің оптикалық тұрақтандырғыш жүйесімен де жабдықталған.

1

2

Мобильді құрылғы Android 4.3 Jelly Bean операциондық жүйесімен басқарылады. Онда 1,6-гигагерцті төртядролы процессор орналасқан. Оперативті жад көлемі 2 ГБ құраса, ал флеш жады 8 ГБ болады, оны microSD картасы көмегімен 64 ГБ дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар.

Гаджет NFC, Wi-Fi және Bluetooth 4.0 сымсыз технологияларын қолдай отырып, сондай-ақ GPS және ГЛОНАСС навигациялық жүйелеріне де кіре алады. Аккумуляторының сыйымдылығы 2000 мА/сағ құраса, құрылғының габариттері 132,5x71,2x19,3 мм болады.

Әзірге гаджеттің бағасы жөнінде ешқандай мәлімет жоқ, көпшілік оны CES 2014 көрмесінде жарияланады дегенді айтып отыр.  

2. Samsung компаниясы мобильді құрылғылар, теледидар мен тұрмыстық техникалардың басын біріктіретін Smart Home платформасын жарыққа шығарды. Бұл туралы Samsung компаниясының ресми блогері хабарлады.

1

Smart Home плаформасы смартфондар мен планшеттерге арналған қосымша ретінде ұсынылып отыр. Оның көмегімен қолданушы өз үйіндегі электроникаларды басқара алмақ. Мысалы, қосымша үй иесіне жарықты пен салқындатқышты өшіріп, қосуға немесе реттеуге мүмкіндік береді.  

Одан бөлек, егер сіздің теледидарыңызға камера қосылған болса, онда арнайы бағдарлама смартфон экранына сол жерден онлайн бейнелерді жібере алады. Әлбетте видео байланыс қызметі үшін тек Samsung теледидарлары ғана қолданылады.

Сондай-ақ қосымша тұрмыстық техникалардың жағдайын бақылауға да жағдай жасай алып отыр. Мысалы оның көмегімен техникаларды қашан және қаншалықты деңгейде жөндеуден өткізу керектігін білуге болады.

Құрылғы Smart Home аясында Samsung SHP протоколының арқасында бір-бірімен байланыса да алады.  

Smart Home платформасы Лас-Вегаста өтетін Consumer Electronics Show (CES) көрмесінде көпшіліктің назарына ұсынылып, кейін ресми саудаға түседі деп күтіліп отыр. Компания оны биылғы жылдың алғашқы жартысының өзінде-ақ әлемдік нарыққа шығармақ ойда.  

Одан бөлек, аталған көрмеде Smart Home платформасы іспеттес өнімді компанияның «ежелгі жауы» LG де таныстырады деп күтілуде. Әзірге белгілісі, HomeChat деп аталған жүйе тұрмыстық техникаларды телефоннан жіберілген хабарламалар арқылы басқаруға мүмкіндік беретіндігі.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: techradar.com

Б. Қосмағамбет