Ұялы телефонның құпиялары

Ұялы телефонның құпиялары

Біздің ұялы телефонымызда өзіміз білмеген бірнеше жасырын мүмкіндіктер болуы мүмкін! Алдарыңызда бірнешеуі... арнайы шұғыл әрекет жағдайында...

* * *

1 жағдай:

112 саны шұғыл төтенше жағдайда мобильді телефонмен теріледі. Бүкіл әлемде жұмыс жасауда. Желілік белдеуден табылмай, шұғыл төтенше жағдай туындаған сәтте сіз 112 санын тере аласыз және телефон сіз тұрған аумақтың қолжетімді желілік белдеуінен апаттық нөмірді іздестіруге жол ашады.

Тағы бір қызық сәт: аталған нөмірді сіздің телефоныңыздың құлыптаулы қалған (заблокированный) басқышына да тере аласыз. Байқап көріңіз (тек байланысты орындап көрмеңіз). 

2 жағдай:

Кілттер есігі құлыптаулы көліктің ішінде қалса? Көліктің дистанциялық кілті бар ма? Осы бір кеңесіміз бір уақыттарда өте-мөте әжетке жарап қалуы мүмкін.

Ұялы телефон ұстауға тағы бір дәлел: егер кілт құлыптаулы көліктің ішіне қалған болса, (ал үйден қосалқы кілттер табылып жатса), телефоныңызбен үйде қалған жандардың біреуіне қоңырау шалыңыз. 

Өзіңіздің ұялы телефоныңызды көлік есігінен 30 см аралықта ұстап тұрыңыз, сол аралықта үйде қалған адам өз мобильді телефонына жақындата отырып қосалқы кілттегі құлыптан шығару тетігін басады. Сіздің көлігіңіз ашылды. 

Уақыт үнемдеуге керемет мүмкіндік, әлгі адам кілтті Сізге алып келіп жүрмейді. Аралық (расстояние) бұл тұста маңызды емес. Жүз шақырым арақашықтықта тұрсаңыз да, (егер сіз қосалқы кілтті сұрастырумен қоңырау шалсаңыз) Сіз көлігіңізді аша алмақсыз (немесе жүксалғыш).

Назарға алатыны: Шын мәнінде де жүзеге асады екен! Мобильді телефонмен сигнал жолдау арқылы көлікті аша алдық!

3 жағдай:

Ұрланған телефонды қалай оқшауландыруға (заблокировать) болады? Өз телефоныңыздың сериялық нөмірін білу үшін келесі кезекте мына бір әрекетті жүзеге асырыңыз: *#06#

Экранда 15 саннан тұратын құпия сан (код) шығады. Дәл сол бір құпия сан әрбір телефонға теңдессіз мүмкіндік бермек. Сақтап алыңыз да, қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз. Егер сіздің телефоныңыз ұрланатын болса, өзіңіздің телефон операторыңызға қоңырау шалып, аталған құпия санды (код) хабарлайсыз. Оператор Сіздің телефоныңызды оқшауландырады (заблокировать). 

Сосын, тіпті, СИМ-картаны ауыстырған күннің өзінде де телефонмен қолдану мүмкін болмайды. Бәрінен бұрын, Сіз телефонды кері қайтарып ала алмағанмен, есесіне, Сіздің телефоныңызды ұрлаған жанның оны пайдала алмайтынына біз кепіл (немесе біліп жүресіз).

* * *

Бұл қосымшаларды бұрыннан біліп пе едіңіз? Телефоныңызды ұрлатып алған кезіңіз болды ма?

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: vatandosh.com

Л. Лига