Дубай полициясының гаражы электромобильмен толықты

Дубай полициясы жақында патрульдік полиция автотұрағы қатарына қосылатын шағын Renault Twizy электромобилін сынауды бастады. Бұл жөнінде мекеменің ресми твиттерінде хабарланды.

Францияда Twizy көлігі екі модификацияда ұсынылады – 5 және 17 күштік қозғалтқышты. Бірінші қозғалтқышпен максималды жылдамдық сағатына 45 шақырым болса, екіншісінікі – 80км/сағ-ты құрайды. Шағын көліктің жүру қоры 100 шақырымға жетеді екен. Ал батареясын қуаттауға 4 сағат уақыт жұмсалады.

Модельдің базалық нұсқасы 6 990 евро тұрады, ал қуаты молығырағының құны  - 7 мың 690 евро. Сонымен қатар, егер аталған көлікті сатып алған жағдайда әр ай сайын аккумулятордың жал ақысын төлеп тұру қажет. Ол – 50 евро.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Дубай полициясының автотұрағы төрт есікті BMW M6 Gran Coupe, Roush тюнинг-ательесінде одан сайын жетілдірілген Ford Mustang купесі, Bugatti Veyron сондай-ақ, Aston Martin One-77, Mercedes-Benz SLS AMG, Bentley Continental GT, Chevrolet Camaro, Lamborghini Aventador және де Ferrari FF секілді суперкарлармен толыққан еді. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: motor.ru, facebook.com