Lexus IS купе нұсқасында жасалады

Жапондық Lexus компаниясы LF-CC концептісін жетілдіру кезіндегі тәжірибесін 2014 жылы шығатын жаңа Lexus IS купесін жасауда пайдаланды. 


Қазіргі кезде көлік жөнінде толық ақпарат жоқ. Бәрінен бұрын Lexus IS купесінің сыртқы бейнесі Парижде өткен көрмеде таныстырылған Lexus LF-CC көлігінен кішкене айырмашылығы бар. Ал моторы седандағы сияқты. Капот астында екі түрлі қозғалтқыш бар: 2,5-литрлі алты цилиндрлі 204 а.к тең агрегат және 3,5-литрлі V6, 306 а.к тең мотор. 

Бұлардан бөлек, 2,5-литрлі төрт цилиндрлі гибридті және қуаты 220 а.к тең электромоторы бар нұсқаларының да шығуы мүмкін. Құрастырушылар жаңа нұсқа жастардың көңілінен толық шығады деген сенімді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: auto.mail.ru