Ресми анонс: Sony Xperia ZR

Ресми анонс: Sony Xperia ZR

Жапондық Sony компаниясы жаңа Sony Xperia ZR Android-смартфонын таныстырды. Бұрынғыларына қарағанда ол шаң-тозаң және ылғал өткізбейтін IP55 және IP58 стандарттарымен жасалынған қорғаныспен жабдықталған. Смартфон тереңдігі 1,5 метр болатын суда 30 минуттай бола алады.  

Sony Xperia ZR мүмкіндігі 1280х720 пиксельді, өлшемі 4,6 дюймды HD Reality Display дисплейімен жабдықталған. Ол 1,5-гигагерцті Qualcomm Snapdragon S4 Pro процессорымен жабдықталған. Оперативті жады 2 ГБ болса, флеш-жады 8 ГБ. Одан бөлек, жадты microSD картасының көмегімен 64 ГБ дейін ұлғайтса болады.

Смартфон NFC және 4G, LTE технологияларын қолдай алады. Аккумулятор сыйымдылығы 2300 мА/сағ. Қалыңдығы 10 мм болса, салмағы 140 грамм.

Жаңа өнімнің бағасы жөнінде әзірге ақпарат жоқ. Ал сатылымға ол осы жылдың күз айында шығуы мүмкін. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет