Samsung барлық жеке компьютерін "Ativ" деп өзгертпек

Samsung компаниясы өзінің шығаратын барлық жеке компьютерінің атын "Ativ" деп өзгертпек. Бұл туралы CNet баспасөзі хабарлады. 

Сондай-ақ планшеттер де өзгеріске ұшырамақ. Енді олар Ativ Tab деп аталатын болады. Сонымен, Windows ОЖ негізінде жұмыс жасайтын компьютерлердің барлығы осылай аталатын болады. 

 

Ресми Samsung: "Біз Ativ бренді көпшілікке Galaxy сияқты ұнайтынына үміттенеміз. Енді олар Galaxy брендін Android-пен байланыстырса, Ativ-ті Windows жүйесінде жұмыс жасайтын құрылғы деп түсінетін болады",-деп мәлімдеді.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru