- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Ваннаны жөндеу жұмысынсыз...
Ваннаны жөндеу жұмысынсыз жаңарту
Кез келген жөндеу жұмысы қымбатқа шығатынын бәрі біледі. Бөлмені жаңартсаңыз, ол көңіл күйге және үйдегі атмосфераға тек жағымды жағынан әсер етеді. Психологтардың өзі үйдегі жиһаздардың немесе басқа детальдардың орнын ауыстырудың және жаңартып тұрудың пайдасы туралы жиі айтады. Жөндеу жұмысын жасауға қаражат жетпесе, бірақ жуынатын бөлмені жаңартқыңыз келсе, біз ұсынған 5 кеңесті қолданыңыз.
1. Жапсырмалар
Балалар дүкенінен жуынатын бөлмеге арналған жапсырмаларды көрген боларсыз. Олар балаларды қуантып, алаңдатады. Алайда, мұндай жапсырмалардың түр-түрі бар екенін білесіз ба? Мысалы, қыш тақтайшаға ұқсайтын жапсырмалар бар. Оны ескі тақтайшаның бетіне жапсыра саласыз.
2. Ерекше сақтау жүйесі
Жуынатын бөлме, әдетте, тар болып келеді. Бұл бөлмені түбегейлі өзгерте алмайсыз. Бірақ ондағы заттарды басқаша сақтау арқылы аздап өзгерістер енгізуге болады. Қазір жуынатын бөлмедегі заттарды сақтауға арналған арзан әрі ерекше кәрзеңкелер, контейнерлер, әйнек құтылар, шелектерді табуға болады. Бастысы, бір-бірімен үйлесетіндей етіп және сыйымды түрлерін алсаңыз болғаны. Олар өте жинақы әрі әдемі көрінеді.
Мэри Кондоның үй жинауға арналған кеңестері
3. Жаңа пердеше
Ваннаға арналған пердешені ауыстырсаңыз, ол асүйге жаңа дастархан алғандағыдай бөлмені жаңарта түседі.
4. Кілемше
Жуынатын бөлмеңізде бұрын кілемше болмаса, оны сатып алғаныңыз жөн. Ол интерьерге жаңашылдық пен жайлылық сыйлайды. Кілемшеңіз бар болса, оны жаңасына ауыстыруды қолға алыңыз. Түктері ұзын шағын кілемшелерге мән беріңіз. Шөпке немесе өзен тастарына ұқсайтын кілемдер де бар.
5. Аксессуарлар
Ұсақ-түйектер туралы ұмытпаңыз. Үйге қажетті заттарды сататын дүкенге барып, сұйық сабын құятын және сабын салатын ыдыс, тіс щеткаларына арналған әдемі стақан, мақта дисктерін салатын ыңғайлы ыдыс және ысқыш салғыш алыңыз. Оларды әдемілеп қойып, жаңарған бөлмеден ләззат алыңыз.