Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Мэри Кондоның үй жинауға арналған кеңестері

Мэри Кондоның үй жинауға арналған кеңестері

Мэри Кондоның үй жинауға арналған кеңестері

Жапониялық Мэри Кондо дұрыс үй жинау өнері туралы бестселлер кітап шығарды. Мэридің ойынша, үй жинау — ол заттармен сөйлесу, сонымен қатар біздің айналамыздағы бұйымдар өмірімізге тікелей әсер етеді. Жуылмаған ыдыс немесе қағаздардың арасында жоғалған есептеме отбасылық қатынасқа кедергі болмас үшін үй тазалауды бүгіннен бастаңыз.

1-кеңес: Дұрыс сақтау

Үйде қажетті заттарды ғана сақтаңыз. Қолданбайтын және кимейтін бұйымдардың барлығынан құтылыңыз. Мэридің айтуынша, үйде тек пайдалы және сізді қуантатын заттар болуы керек. Егер қандай да бір затты көргенде қуанбайтын болсаңыз, оны ойланбастан лақтырыңыз. Артық заттардан құтылған соң, үй тазалаудың өзі жеңілге соғады. Үйде зат қаншалықты аз болса, үй жинау да соншалықты аз уақыт алады.

2-кеңес: Кесте бойынша үй жинау

Адамдардың көпшілігі үйді бөліп жинайды. Мысалы, сейсенбі күні жуынатын бөлмені ретке келтірсе, бейсенбі күні жатын бөлмені жинайды. Мэри үйдің бөлмелерін бөліп жинауды құптамайды. Оның айтуынша, нақты жерлерді жинау қажет: кітап сөресі, жұмыс үстелі, гардероб және т.б. Үй тазалауды алдын ала жоспарлап қойыңыз, сонда демалыс күндері уақытты үй жинауға емес, шынымен демалуға жұмсайсыз. Мысалы, күніне 20 минут уақытыңызды үй жинауға (шаң сүрту, үстелді жинау, кілем тазалау) бөліңіз.

3-кеңес: Шкафтағы орынды үнемдеу

Шкафтың көлемі үлкен болған сайын онда қажетсіз киімдер көбейіп, шашыла береді. Егер кеңістік шектеулі болса, орынды үнемдеуге және киімдерді ықшамдап жинауға мәжбүр боласыз. Мэридің ұсынысы бойынша, ілуді қажет етпейтін киімдердің барлығын шкаф сөресіне «рулет» секілді орап жинаған жөн. Біріншіден, осылай жинаған соң, шкаф сөресіне көп киім сияды, ал екіншіден, оларды сөреден алу жеңіл. Сонымен қатар, киімге қыртыс та аз түседі.

4-кеңес: Киімдерді түсіне және типіне қарай ілу

Ілгіштегі киімдердің орнын да дұрыс ұйымдастыру керек. Мысалы, ұқсас киімдер бір-біріне жақын іліну қажет. Мэридің ойынша, киімдер де адамдар секілді өздеріне жақын киімдердің қасында жақсы демалады. Киімдерді қою түстерден бастап ашық түстілерге дейін сол жақтан оңға қарай ілу ұсынылады.

5-кеңес: Қағазды аз мөлшерде қолдану

Мэри күнделікті өмірде қағаздар қолдануды қысқартуын сұрайды. Оның айтуынша, қағаздар табиғатқа зиянын тигізуімен қатар, үйдегі реттілікті де бұзады. Ол ескі журналдарды, блокнаттарды, жапсырмаларды қолдануды тоқтатып, олардың орнын блокноты бар гаджетпен ауыстыруды ұсынады.

6-кеңес: Үйдегі реттілікті сақтаңыз

Үйдегі реттілік әдемі көрінеді және жеке өміріңізге де жақсы әсерін береді. Сондықтан күнделікті үй жинауды ұмытпаңыз. Үйді тазалау арқылы күйзелістен арылып, көңіл күйіңіз көтеріледі.

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: www.femmeactuelle.fr
Қосылған күні: 19 мамыр 2016, 11:53

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.