- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Үй тазалауда жіберілетін...
Үй тазалауда жіберілетін қателіктер
Кей нәрселерді дұрыс істемесеңіз немесе ретін сақтамасаңыз, үй жинау процесін созып аласыз. Үй тазалауда қандай қателіктерді жиі жібереміз?
1. Сіз бәрін бір шүберекпен жуып шығасыз
Әр процестің өз құрал-сайманы болғаны жөн: ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшаға бір шүберек, шаң сүртуге басқа шүберек, ал терезелерді сүртуге бөлек шүберек арнау керек. Егер бәрін бір шүберекпен сүртсеңіз, тазалағаныңыз көрінбейді: мысалы, терезеде іздер қалып қояды. Сонымен қатар, әр үй жинаудан кейін барлық шүберектерді жуып алыңыз және сорғыштар мен шүберектерді әлсін-әлсін ауыстырып тұрыңыз.
2. Терезені ылғал майлықпен сүртесіз
Көпшілік терезе жуғанды ұнатпайды. Үй ханшайымдары жиі жіберетін қателіктің бірі – терезені алдымен ылғал дәкемен сүрту. Егер терезені бірден ылғал дәкемен сүртіп айғыздап тастайсыз. Сондықтан алдымен терезедегі шаңды құрғақ дәкемен сүртіп алып, содан соң ғана ондағы саусақ іздерін, кеуіп кеткен тамшыларды және тіс пастасының қалдықтарын ылғал дәкемен кетіресіз.
3. Жұмсақ жиһаздың шаңын сормайсыз
Диван мен креслолардың шаңын сорып тұру керек. Жұмсақ жиһаздардың қаптамалары мен жастықтарына шаң көп жиналады. Сондықтан диван мен креслоларды қаппен төсеп немесе бетіне жамылғы жауып қойыңыз. Содан соң қаптар мен жамылғыларды, жастықтардың тыстарын арасында жуып, диван мен креслоның өзін шаңсорғышпен сорып алыңыз.
4. Шаңсорғышты қоспас бұрын үйдің шаңын сүртіп аласыз
Құрғақ тазалау ылғал тазалаудың алдында болуы керек. Егер бұл ережені бұзсаңыз, бір жұмысты бірнеше рет қайталау керек болады. Сондықтан кілемдер мен еденді шаңсорғышпен тазартып болған соң шаңның басылғанын аздап күтіңіз. Содан кейін ғана ылғал дәкемен шаң сүртуге кірісіңіз.
5. Тазалаушы құралды жиһаздың бетіне жағасыз (шашасыз)
Жуушы ерітіндіні алдымен шүберекке құйып, содан соң ғана онымен жиһаздарды, терезелерді сүртуге болады. Егер бұл ережені сақтасаңыз, олар ұзаққа дейін таза болып тұрады. Себебі көпшілік жуушы құралдарды бірден жиһазға құйсаңыз (шашсаңыз), ол жиһазды құртады және орны шырыштанып қалып қояды. Шырыштанған жерге шаң тез қонып, қайтадан ластанады. Бұл ереже шашатын құралдарға да қатысты айтылған. Байқаған болсаңыз, тазалаушы құралдардың сыртында оны суға ерітіп алу керегі немесе шүберекке жағу керегі жазылып тұрады. Тазалаушы құралдың нұсқамасын оқыңыз: егер оны бірден жиһазға шашуға болатыны жазылып тұрса ғана солай істеуге болады.
6. Жуушы құралдарды өте көп қолданасыз
Жуушы құралдардың көпшілігінің құрамы химиялық құрауыштардан тұрады. Егер оларды өте жиі әрі көп қолдансаңыз, жиһаздарыңыз бүлініп қалуы және үйдегі адамдарда аллергиялық реакция пайда болуы мүмкін. Бірнеше химиялық құралдарды бір-бірімен араластыруға болмайтынын да ұмытпаңыз.
7. Шаңды үлпілдек сыпырғышпен кетіресіз
Шаруашылық дүкендерінен шаң сүртуге арналған түрлі түсті үлпілдек сыпырғыштарды байқаған боларсыз?! Фильмдерде де үй қызметкерлері шаңды сондай сыпырғышпен сүртіп жүргенін көреміз. Бірақ олар шаңды тазартпайды, оны тек ауаға көтеріп жібереді. Одан үй таза бола түспейді, бұл шаңдар ауада ұшып жүреді. Ал отбасы мүшелері сонымен демалады.
8. Үйді ретсіз (жүйесіз) түрде жинайсыз
Үй жинауға сүйікті тағамыңыздың рецептісіне секілді қараңыз. Егер тағамның дайындалу жолын сақтамасаңыз, ол дұрыс піспейді және бекерге уақытыңыз кетеді. Сол секілді үй жинаудың да өз жоспары болу керек. Мысалы, мына екі ережені сақтаңыз:
- Қажет емес заттардан арылу. Үйде шашылып жатқан киімдерді, кітаптарды және басқа да заттарды орнына қойып шығыңыз. Ыдыстарды жуып, шкафқа салып қойыңыз. Содан соң ғана үйді жууға кірісіңіз.
- Жоғарыдан төмен қарай тазалау. Егер алдымен еден жуып алып, содан соң шаң сүртсеңіз, шаңның бәрі қайтадан төменге түседі. Сондықтан алдымен шкафтар, шамдар, гардинаны тазартып, содан кейін жиһаздың (тумба, диван, үстел) шаңын сүртіп, соңынан еденді жуып шығыңыз.
Мэри Кондоның үй жинауға арналған кеңестері
А. Жапатова