- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Үй шаруасындағы қулықтар...
Үй шаруасындағы қулықтар
Үй шаруасына арналған химикаттардың орнын не баса алады?
1. Ыдыс-аяқты қышамен жууға болады. Ол үшін қыша ұнтағын алған дұрыс. Дымқыл сорғышқа ұнтақты сеуіп, ыдысты жуыңыз.
2. Үйді жинау кезінде көмекші болатын құралдың бірі – сіркесу. Бірнеше тамшы лаванда майымен сіркесуды сумен бірдей мөлшерде араластырыңыз. Үйді осы қоспамен жуып-тазалауыңызға болады.
3. Терезелерді жуу үшін сіркесу мен суды 1:5 қатынасында араластырып, терезені сүртіңіз. Содан соң газет парақтарымен сүртіп алыңыз. Сіркесудың орнына лимон шырынын пайдалануға болады.
4. Қалбыршақта, ванна мен унитазда қатып қалған дақтарды кетіру үшін сіркесу құйып, үстінен сода сеуіп, біраз уақытқа қалдырыңыз. Содан соң щеткамен тазалап, жуып тастаңыз.
5. Киімді ағарту үшін 10 литр суға 2 ас қасық сутек тотығын, 1 ас қасық мұсатырлы спиртін қосып, жуыңыз.
6. Ас содамен пешті тазартуға болады. Ішінде қатып қалған майды тазарту үшін ¼ стақан мұсатырлы спиртті пеште түнге қалдырып, таңертең ас содасымен сүртіп алыңыз.
7. Айна, шыныны мұсатырлы спирт пен сабынмен жууға болады.
8. Ал терезе бетін су мен сіркесуды бірдей қатынаста араластырып, тазартуға болады.
9. Кілемді тазарту үшін жүгері крахмалын пайдалануға болады. Оны кілем бойына сеуіп тастап, шаңсорғышпен тазалап алуға болады.
Ұқсас жазбалар:
Терезені тазалау жайында бірер кеңес
Ф. Абилова