- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Таңертеңгі жүрек айнуды...
Таңертеңгі жүрек айнуды басу немесе болдырмау жолы
Жүктілік кезінде барлығы жүрекке тиіп, жиіркенішті болып көрінуі мүмкін, әсіресе таңертең тамақтың иісі мен түрі, тіпті, тамақ туралы ойдың өзі жүрек айнуына себеп болады. Сол кезде жүктілік деген керемет кезең неге жүрек айнумен байланысты екен деп ойлауыңыз мүмкін. Бірдеңесі дұрыс емес пе? Жоқ, бәрі дұрыс, аса уайымдаудың қажеті жоқ.
Таңғы жүрек айну дегеніміз не?
Жүрек айну – жүктіліктің кең тараған белгісі. Жүкті әйелдерді 50%-70% алғашқы үшайлықта осы мәселе қиналатды. Бірақ бұл қалыпты жағдай ғана емес, жүктіліктің жақсы өтіп жатқанының белгісі.
"Таңғы жүрек айну" белгісі деп аталса да (әсіресе бұл жағдай таңертең қатты байқалады), жүрек айну сезімі немесе құсу кез-келген уақытта болуы мүмкін. Аталған белгі дамып жатқан плацентадан бөлінетін hCG гормонынан туындайды деп саналады. Алайда қандағы қанттың төмен деңгейі, асқазандағы жоғары қышқылдық, күйзеліс пен шаршау секілді факторлар да жағымсыз рөл ойнайтынын ескерген жөн.
Таңғы жүрек айнуды қалай болдырмауға болады?
Алдын алу – бұл таңғы жүрек айнуды болдырмаудың жақсы жолы. Кереуеттің жанындағы тумбочканың үстіне майсыз крекерлерді немесе шоколадтың бір тілігін, құртты қойып, жүрек айнығанда қандағы қанттың деңгейін көтеру үшін соны жеңіз.
Тамақты күніне үш мезгіл көптеп жегенше, асқазанды бос қалдырмай, қандағы қанттың құрамын тұрақты ұстап тұру үшін күніне бес-алты рет тамақты аздап қабылдаңыз. Өсіп жатқан нәрестеңіздің қажеттілігін қанағаттандыру үшін диетаңызда міндетті түрде ақуыз (ет, балық, жұмыртқа, ірімшік), күрделі көмірсулар (жемістер, көкөністер, дәнді дақылдар) мөлшері жеткілікті болуы тиіс.
Тамақтану жөніндегі сарапшылардың кейбіреулері жүрек айнудың алдын-алу үшін В6 дәруменінің 75–100 мг қабылдауға кеңес береді. Міндетті түрде жүктілерге арналған дәрумендерді қабылдаңыз және ащы, майлы тамақты жемеңіз. Сонымен қатар, денеңіздің қызып кетуіне, терлеуіне жол бермеңіз және ұзақ демалыңыз.
Жүрек айнуды тоқтату жолдары
Жүректі айнытатын факторларды жоюдан бөлек мына шараларды қабылдап көріңіз:
1. Мұрынмен демалып, демді аузыңыздан шығарыңыз немесе әдемі бір нәрсені елестетіп көріңіз.
2. Мұз қиыршығын немесе балғын лимон тілігін сорып немесе шайнаңыз.
3. Тіс тазалау кезінде құсқыңыз келіп кетсе, ауыз шаюға арналған сұйықтықты пайдаланып көріңіз. Ауызда жақсы иіс қалу үшін оны жиі шайып тұрыңыз.
4. Асқазандағы қышқылды бейтараптандыру үшін бір стақан сүт немесе кальцийдің екі таблеткасын жеңіз.
5. Тамағыңызға мұздай матаны немесе мұзы бар пакетті басыңыз.
6. Көкөністер мен басқа тамаққа үгітілген зімбірді қосыңыз (жүрек айнуға қарсы табиғи құрал).
7. Түймедақтың тұнбасын немесе зімбір шайын ішіп көріңіз.
8. Тамақ жегіңіз келмесе де, сұйықтық ішіңіз (тамақты бөлек жеп, сұйықтықты бөлек ішуіңізге болады).
9. Бас сүйегінің түбіндегі (құлақтар арасындағы желке жақ) сүйектерді қысып басыңыз немесе оған мұз қойыңыз.
10. Жүрек айнуға қарсы білезіктерді тағып көріңіз. Білезіктерде акупунктуралық нүктелерге әсер ететін арнаулы батырмасы болады, сөйтіп ол жүрек айнуды жеңілдетеді. Білезіктер дәріханалардың көбінде сатылады.
Бір жақсысы, гормондар азайып, бірқалыпты деңгейге келген кезде көптеген әйел жүктілігінің төртінші айына қарай таңғы жүрек айнудан құтылады. Егер жүрек айну мен құсу күніне 1-2 реттен артық болып, сізге тамақ жеуге немесе сұйықтық ішуге мүмкіндік бермесе немесе бірінші үшайлықтан кейін де жалғаса беретін болса, бұл жөнінде дәрігерге хабарлаңыз. Сізде жүктілерде болатын және емді қажет ететін гиперемезис деген мәселе болуы мүмкін.
Дереккөз: pamperskz.com
Н. Үсенова