Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Жолда жүрегіңіз айныса

Жолда жүрегіңіз айныса

Жолда жүрегіңіз айныса

Жолда көлікте не автобуста жүрегіңіз айнып, құсқыңыз келеді ме? Бұл мәселені қалай шешуге болады?

Адамдардың көбі жолда кішкене болса да, басы айналып, жүрегі айныйды. Кейбіреулерде бұл дерт ұшақпен ұшқанда не көлікте жүзгенде ғана байқалса, басқалары автобус не көлікке отырған сәтте-ақ құсқысы келеді. Бұл адамның вестибулярлық аппаратына байланысты болады.   

Сонымен жолды жеңілдетіп, жүрегіңіз айнымау үшін не істеуге болады?

Әрине ең бірінші кеңес көліктің өзіне байланысты болады. Мүмкіндігіңізше жаяу жүріп, көлік түрлерінен бас тартыңыз. Әрине қазіргі заманда жаяу жүріп, көлікті мүлдем қолданбау мүмкін емес. Сондықтан біздің кеңестерімізбен танысыңыз. 

Көздің фокусын өзгертіп көріңіз

Көліктегі жүрек айнуға тек біздің вестибулярлық аппараттың жүйке рецепторлары ғана емес, сонымен қатар көру рецепторлары жауапты. Дененің үздіксіз шайқалуы мен көліктің жылдамдығының өзгеруіне көз алдындағы көріністің дереу ауысуы қосылып, жүрегіңіз айни бастайды.  

Сондықтан көз алдыңызда ағып жатқан жолға көздің фокусын өзгертіп қараңыз, яғни көздеріңіз бұлдыр көретіндей қылыңыз. Осылайша сіз нақты объекттерді байқамай, терезе сыртындағы көріністі жалпы көресіз. 

Оқымаңыз

Көбіміз ұзын жолды қысқарту үшін, жалықпау үшін жолда кітап оқимыз, телефондарымызбен ойындар ойнаймыз. Бірақ бұл жолда жүрегіңіз айнуға үлкен септігін тигізеді. Көлік сілкігенде қолыңыздағы кітап не телефон секіріп, көзіңізге жаман әсер береді. Ал жолға қарамай отырғаннан кейін, жолдағы әр бұрылыс пен төмпешік сіздің вестибулярлық аппаратыңыз үшін күтпеген болып, әсері екі есе тезірек байқалады. 

Ортаны іздеңіз 

Көлік не автобустан шығып кетуге болады, ал егер сіз кеме не ұшақпен саяхаттап жүрсеңіз, одан оңайлықпен шыға алмайсыз. Сондықтан басы айналып, құсқысы келіп тұрған адам ұшақтың иллюминаторына, көліктің терезесіне, кеменің бортының шетіне отырғысы келетіні түсінікті, осылайша ол көліктен шығып кеткендей сезінеді. Алайда көліктердің ең шайқалмайтын тұрақты жері – ортасы. Сондықтан көлікке отырып, бірден ортаңғы жерді іздеңіз.                                                         

Тамырдың соғуы

Білектегі тамырдың соғуын өлшейтін жерді бәріміз білеміз. Сол жерлерді айналдыра отырып уқалаңыз. Тағы бір сондай "сиқырлы нүкте" құлақтың артында, астыңғы жақ сүйегінің маңында бар. Бұл нүктені уқаламай, оған басып тұру керек. 

Дәрі ішіңіз

Жолда жүрек айнымау үшін біршама түрлі дәрілер бар, егер сіз үшін жол нағыз тозаққа айналса, дәрілерге жүгінуге тура келеді. Бонин, драмин сынды дәрілер біздің кейбір рецепторларымызды тежеп, вестибулярлы аппараттың хабарламасын орталық жүйке жүйесіне жеткізуге мүмкіндік бермейді, нәтижесінде басыңыздың айналғаны басылады. Бұл дәрілерді жолға шыққанда жарты сағат қалғанда ішіп алған дұрыс, бірақ олар ұйқыны келтіре алатынын біліңіз.  

Сапарларыңыз сәтті өтсін!

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: flickr.com

12712 6
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 17 шілде 2013, 11:38
Пікірлер
+0
17 шілде 2013, 13:24

"Оқымаңыз" дегенді оқып оқымай қойдым)

+0
17 шілде 2013, 13:38

мен ұйықтап қалуға тырысам көбіне, кейде көзімді жұмып отырам

+0
17 шілде 2013, 16:27

Менде де осы мәселе бала кезімнен бар. Оның шешімін жақында тапқандаймын. Онда да кездейсок. Әдеттегіше ғаламтордан сұлулық кеңестерін оқып отырып, эфир майларымен таныстым. Сатып алып, оларды қолдана бастадым. Иістері керемет, нұсқаулығында эфир майларын косметикалық мақсаттарда жиі қолданып, иісін сезініп жүру - көңілді көтеріп, стресстің алдын алып, сергітеді делінген. Содан кейін эфир майларының өзіме ұнаған түрлерін өзіммен ала жүретін болдым (бір құтысы 10 гр. ғана). Алыс жолға шыққанда беторамалға сәл бүркіп алып, иіскесеңіз жүрек айнығаны бірден басылады, өзіңізді керемет сергек сезінесіз.

+0
18 шілде 2013, 10:07

жақсы кеңес екен, рахмет)

+0
18 шілде 2013, 16:41

Автобуста соткама қарай бастасам жүрегім айнып кетеді.

+0
20 шілде 2013, 19:04

Менің де жүрегім айниды((

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...